
«Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы бойынша Халықаралық қатынастар факультетінің студенттерінен құралған Сұлтанқұлов Дамир, Шампиева Еркежан және Уразова Адель командаларын Asia Zangeri 2025 халықаралық байқауындағы лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Asia Zangeri — Орталық Азиядағы заң факультетінің студенттері арасында жыл сайын өткізілетін беделді халықаралық байқау. Байқау ұйымдастырушысы — Fortune Partners компаниясы.
2025 жылғы байқау 10 қаңтар мен 16 мамыр аралығында өтіп, үш кезеңнен тұрды:
- Салықтық тексеру актісіне жазбаша шағым дайындау;
- Сотқа дейінгі салық дауларын модельдеу форматындағы іріктеу турларына қатысу;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотында өткен финалдық сот процестері.
Команда барлық кезеңнен жоғары дайындықпен өтіп, Орталық Азия елдерінен келген 81 команданың ішінен 1-орын иеленді. Бұл жетістік студенттердің құқықтық білімінің тереңдігін, кәсібилігін және мықты командалық рухын айғақтайды.
Байқаудағы жеңіс студенттердің теориялық және практикалық дайындығын дәлелдеп қана қоймай, олардың халықаралық ұйымдарда, мемлекеттік құрылымдарда, заң және консалтинг саласындағы жетекші компанияларда мансаптық өсуі мен тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін кеңейтеді.
🎓 Команданың ғылыми жетекшісі — PhD докторы Нысанбекова Ляззат Бегімжанқызына ерекше алғысымызды білдіреміз. Ол студенттерді сапалы дайындап, нәтижеге жетелеуде үлкен үлес қосты.
👏 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға жаңа жетістіктер, кәсіби өсу және сенімділік тілейміз!
Басқа жаңалықтар


