«Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ-нің балаларымен кездесуFarabi University

«Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ-нің балаларымен кездесу

16 мамыр, 2025

2025 жылдың 15 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ЭБЖМ-нің «Қаржы және есеп» кафедрасының жұмыс беруші және серіктесі, белгілі қазақстандық нейромаркетолог, «Almaty Creative» ЖШС қолдау құралдарын енгізу департаментінің директоры Олжас Шарипов ««Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ-нің балаларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында балаларға сыйлық ретінде үш тілді қазақша-орысша-ағылшынша сөздіктер табыс етілді. Бұл сөздіктің авторы О.Шарипов мырза.

Бұған дейін «Қаржы және есеп» кафедрасы аталған мекеменің балаларымен бірлесе отырып Демалыс саябағынның велотрегінде ауқымды спорттық ойын-сауық кешін өткізген болатын. Сондай-ақ балаларға түрлі сыйлықтар, кәдесыйлар мен баспа өнімдері табыс етілді.

«Қаржы және есеп» кафедрасы және оның серіктестері қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған осындай іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.