edu.gov.kz

12 ақпан, 2016

VI қысқы Республикалық Универсиададағы бірінші жеңістер Екі күндік жарыстардың қорытындысы

edu.gov.kz: 08.02.2016

Студенттік спорттық қысқы ойындарының бірінші күнгі нәтижелері шығарылды. 6 ақпандағы ашылу салтанаты рәсімінен кейін-ақ, «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплині кешенінде ерлер арасында трамплиннен секіру жарысы өткізілді. Кәсіби трамплиндерде 18-22 жасқа дейінгі 20 спортшы өз күштерін сынады. Жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды Қазақ спорт және туризм академиясы (ҚАЗСТА) алса, екінші орын еш қиындықсыз ҚАЗҰПУ-ге бұйырып, командалық есептегі көсбасшылардың үшіншісін ҚазҰУ иеленді.

Сондай-ақ 2017 жылғы Бүкіләлемдік студенттер ойындарына қатысу үшін ҚР құрамасына үміткер болып табылатын спортшылар арасында жүлделік орындар ойнатылды: бірінші орынды Зульяр Қасымов (КазҰУ), екінші орын – Шыңғыс Рақпаров (ҚазСТА) және үшінші орынды Станислав Анчугин иеленді. Жеңімпаздардың барлығы Алматы қаласынан.

Универсиаданың екінші күні, 7 ақпан ерлер үшін 1,6 км және қыздар үшін 1,2 км жолды шаңғымен жарысып өтуге арналды. «Алатау» спорт-кешенінде еліміздің барлық аймақтарынан 248 спортшы және 27 команда жиналды. Шаңғы жарыстарының қорытындысында қыздар арасындағы жүлделі орындарды иленді: ІІІ орын- Марина Гришко Алматы қаласынан (Қаз СТА 25 ұпай), ІІ орын - Наталья Андрух (Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты (ПМПИ), 30 ұпай) және І орын - Анна Шевченко (ПМПИ, 36 ұпай). Ерлер арасында үздік көрсеткіштерді көрсетті: I орынды Дәулет Рахымбаев (ҚазҰУ, 36 ұпай), ІІ орынды Игорь Хмельницкий Петропавл қаласынан (Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (СҚМУ) 30 ұпай) және ІІІ орынды Азамат Нұрғазы Алматы қаласынан (ҚазАУ) және оның курстасы Фархат Жомартханов (әр қайсысы 25 ұпай бойынша) иеленді.

VI қысқы республикалық Универсиада жалғасуда.