Ерлан Кенжеғалиұлы САҒАДИЕВ Егемен Қазақстан: 11.02.2016 1966 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, АҚШ-тың Миннесота штаты университетін бітірген. Мамандығы бойынша – саяси экономия оқытушысы, магистр. Ағылшын тілін меңгерген. Халықаралық IT университетінің және Халықаралық бизнес университетінің негізін қалаушы. Еңбек жолын 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы болып бастады. 1993-1994 жылдары АҚШ-тың Миннесота штатында «Девелопед Текнолоджи Рисорс» компаниясында технологиялар маркетингі жөніндегі жобаның жетекшісі болып жұмыс істеді. «Фуд Мастер» компаниясы» акционерлік қоғамының бас директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында қызмет атқарды. «Жаңа технологиялар. Қазақстан» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры, «Халықаралық бизнес университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті, «Зере» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының президенті болды. Премьер-Министрдің кеңесшісі, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметтеріне тағайындалған. 2014 жылғы тамыздан 2015 жылғы шілдеге дейін – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі лауазымында қызмет атқарды.
Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды. |