- Басты бет
- Жаңалықтар
- Өзбекстан Республикасынан келген әріптестерге «Интеллектуалды ақпараттық жүйелер» бағыты бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді
Өзбекстан Республикасынан келген әріптестерге «Интеллектуалды ақпараттық жүйелер» бағыты бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді

Өзбекстан Республикасынан келген әріптестерге «Интеллектуалды ақпараттық жүйелер» бағыты бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
2025 жылғы мамыр айында аға оқытушы Бейбітхан Еркегүл “Ақпараттық жүйелер” кафедрасында Өзбекстанның Ажинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтынан (Физика-математика факультеті, Информатика оқыту әдістемесі кафедрасы) келген Саханова Л. Ж., Жугинисова Ж. И., Ильясова З. К. және Асанова У. С. атты төрт маманға «Интеллектуалды ақпараттық жүйелер» курсын жүргізді.
Курс барысында заманауи бағыттар мен қолдану салалары, деректерді интеллектуалды өңдеу әдістері мен жасанды интеллект элементтері бойынша теориялық және практикалық білім беріліп, тәжірибе алмасуға және болашақ ғылыми-академиялық ынтымақтастықты талқылауға мүмкіндік туды.
Басқа жаңалықтар

