Жас зерттеушілерге арналған қолдауFarabi University

Жас зерттеушілерге арналған қолдау

10 сәуір, 2025

Елімізде инновациялық ғылымды дамыту мақса­тында көптеген бастамалар қолға алынуда. Солардың бірі – «Жас ғалым» жобасы. Бұл бағдарлама жас зерт­теушілерге қаржылай және ұйымдастырушылық қол­дау көрсетуге бағыт­тал­ған. Жобаның басты мақ­саты – жас ғалым­дардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамы­туға ық­пал ету және оларды кәсіби тұрғыда шыңдау. 2022 жыл­дан басталған бұл грант­тық қаржыландыру бо­йын­ша жоба аясында жас ғалымдарға мынадай көмек түрлері көрсетіледі:
• ғылыми зерт­теу­лерді жүр­гізу үшін грант­тық қар­жыландыру;
• зертханалық жаб­дық­тар жаңартылып, қажетті хи­миялық реагенттер мен құ­рал-жабдықтармен қам­тамасыз ету;
• жас ғалымдардың ха­лықаралық конферен­ция­ларға, семинарларға қаты­су мүмкіндігі;
• кәсіби менторлық пен ғы­­­лыми жетекшілік жүйесі ар­қылы зерттеу сапасы артты;
• ғылыми мақалалар жа­риялауға және патенттер алуға қолдау көрсетілді.
Биыл «Жас ғалым» –2025-2027» жобасына бар­лығы 718 өтінім ұсынылды.  Талаптың сәйкестігін тексе­ру нәтижелері бойынша 243 өтінім пысықтауды ескере отырып, талаптарға сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайта­рылатын болады. Шетелдік сарапшылардан тексеру­ден өткен соң, Аналити­ка­лық, коллоидтық химия және си­рек элементтер тех­­ноло­гиясы кафедра­сы­ның жас ғалымдары төрт жоба жеңіп алды. Олар: «Энергия, озық материал­дар және транс­порт» ба­ғыты бо­йынша Гүлмира Бейсенова (Мұнай-газ өнер­кәсібінде болат конс­трукцияларын корро­зиядан қорғауға ар­налған эколо­гиялық таза ингиби­тор­ларды әзірлеу), Заир Ибраимов (Қара зире мен жүзім тұқымы майының бір­лескен жоғары крити­калық СО2 экстракциясы кезінде байқалатын синер­ге­тика­лық әсерге байла­нысты тұ­рақ­тылығын зерттеу) және Динара Абдуахытова (Токтың жоғары тығыздығы жағдайында сутегі бөліну реакциясындағы металл на­нобөлшектерімен моди­фикацияланған көміртекті электродының электро­ка­талитикалық әрекеті) және «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пай­­далану» бағыты бойын­ша Марат Бектасов (Қор­ша­ған ортадағы биоген­дік және техногендік ласта­ғыш­тар­ды сандық талдау әдіс­терін әзірлеу және олардың көздерін анықтау).
«Жас ғалым» жобасы – еліміздің ғылым саласын дамытуға бағытталған ма­ңызды бастамалардың бірі. Бұл бағдарлама жас зерт­­теу­шілердің өз әле­уетін толық іске асыруына мүм­кіндік беріп, еліміздің  ғы­лыми қауымдастығын жаңа жетістіктерге бас­тайды. 

Елдана БАҚЫТЖАН, 
АКХжСЭТ кафедрасының аға оқытушысы