Жазушы Ырысбек Дәбеймен кездесуFarabi University

Жазушы Ырысбек Дәбеймен кездесу

12 ақпан, 2025

12 - ақпан күні колледждің ИСК -111 тобының білім алушылары Алматы қаласындағы Алматы облыстық орталық әмбебеп кітапханасында жазушы Ырысбек Дәбейдің «Тұманды қараша» атты кітабының тұсаукесеріне қатысып қайтты. Бұл шараға ақын - жазушылар және жазушының қаламдастары қатысып, Ырысбек Дәбейдің шығармашылығы туралы қызықты әңгімелер айтты. Автордың тұсауы кесіліп отырған кітабында бірнеше әңгімелер мен хикаяттар жарияланып, онда бағзы мен бүгін, бүгін мен өткеннің мәңгілік тақырыбынан сыр шертілгені туралы айтылған. Кеш өте қызықты да тартымды өтті.