«Қазақстан педагогикасы: білім мен ғылымның сабақтастығы» ғылыми-педагогикалық форумыFarabi University

«Қазақстан педагогикасы: білім мен ғылымның сабақтастығы» ғылыми-педагогикалық форумы

27 ақпан, 2025

27 ақпан сағат 9.00-де «Қазақстан педагогикасы: білім мен ғылымның сабақтастығы» ғылыми-педагогикалық форумына қатыстық. Бұл форумның мақсаты: Қазақстандағы білім мен ғылым мәселелерін бірлесе шешу мақсатында Педагогикалық білім беру мәселелерін және оларды шешу бойынша ұсыныстарды талқылау. Мемлекеттік білім беру саясатын, еңбек нарығының талаптарын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәжірибесін жетілдіру жолдарын айқындау. Педагогикалық білім беруді жетілдіру бойынша тиімді шешімдер әзірлеу үшін отандық ғалымдардың ғылыми әлеуетін біріктіру. Біздің №3 секция: «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің өзекті мәселелері». TжКББ жүйесінде педагог мамандарды даярлау мәселелері. Колледжбен жұмыс берушілердің білікті мамандарды  даярлаудағы әріптестік тетіктері. Колледж студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту. Пікір алмасу, сұрақтар мен жауаптар болды.  Секция жұмыстары аяқталған соң, әріптестермен кофе-брейкте бас қостық. Әрі қарай Пленарлық мәжіліс басталып, секциялар бойынша жауаптылар шығып, қорытынды сөздерін жеткізді. Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев осы мәселелер бойынша алдағы уақытта оның орындалуына біздер мен сіздер үлкен ат салысады деп үлкен үміт артып қорытындылады. Осы жылдың тамыз айында осы шаңырақта тағы кездесу ұйымдастырып, осы қаралған мәселелердің есебін беруге... кездесуге шешім қабылдап, осы форумға қатысқан әріптестерге алғысын айтты. Форумның соңында университет ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Меморандумға қол қою рәсімімен жабылды.