14 наурыз – Көрісу күні.Farabi University

14 наурыз – Көрісу күні.

14 наурыз, 2025

Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққан жөн.Көрісе отырып, бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп айту керек. Колледжде « Наурызнама» бағдарламасы бойынша  Көрісу күні атап өтілді.Береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!