Бүгін, Қайырымдылық күні:”Қайырымдылық-жылы жүректен” акциясымен
.png)
Бүгін, Қайырымдылық күні:”Қайырымдылық-жылы жүректен” акциясымен ПОК 107, 108 және ПОР 109, 110 топтарының студенттері қарттар үйіне барып, қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Бұл шараның мақсаты – қарттарға құрмет көрсету, оларға көңіл бөліп, қолдау білдіру болды.
Студенттер қарттармен әңгімелесіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен естеліктерін тыңдады. Сонымен қатар, өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, қарттардың көңілін көтерді. Мұндай іс-шаралар жастардың бойында мейірімділік, қайырымдылық, үлкенге құрмет көрсету сияқты қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.
Қарттар үйіне бару арқылы студенттер қоғамдағы әлеуметтік жауапкершіліктерін сезініп, үлкендерге қамқорлық көрсетудің маңыздылығын түсінді. Бұл тәжірибе олардың адамгершілік қасиеттерін нығайтып, болашақта осындай игі істерге белсенді қатысуға ынталандырды.
Басқа жаңалықтар


