Ректор «Ассамблея жастары» бірлестігінің басшысымен кездестіFarabi University

Ректор «Ассамблея жастары» бірлестігінің басшысымен кездесті

3 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевпен кездесті.

Жүздесуде бірлестік басшысы Тимур Ғабдулұлы жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді. «Ассамблея жастары» бірлестігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған. Бүгінде бірлестік алты бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Оның ішінде жастарды әлеуметтік қолдау, мемлекеттік тілді этносаралық тіл мәртебесінде дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен әскери-патриоттық мәдениетті дамыту бар.

Өз кезегінде білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев университетте студенттердің игілігі үшін жасалып жатқан жобалар мен бастамалар жөнінде айтты. Сонымен қатар ректор ҚазҰУ-дың білім алушы жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатынын жеткізді.

Кездесу барысында тараптар жастар арасындағы патриотизмді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі