“Қазақстанның рәміздері - ел тарихы”Farabi University

“Қазақстанның рәміздері - ел тарихы”

2 маусым, 2025

Колледж тарихшылары 4-маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай “Қазақстанның рәміздері - ел тарихы” атты көрме өткізді. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз - ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып тарихта қалды. Көрменің мақсаты - білімалушыларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген құрмет сезімі қалыптастыру және Мемлекеттік рәміздер тарихы бойынша  білімдерін тереңдету, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту.