Дөңгелек үстел: «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасы: әзірлеу және қолдану тәжірибесі»Farabi University

Дөңгелек үстел: «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасы: әзірлеу және қолдану тәжірибесі»

4 маусым, 2025

     2025 жылдың 31 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 мамырдағы Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасы: дамуы және қолдану тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

     «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» 16 ТДМ шеңберінде өткізілген іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасының дамуын, оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін талқылау, сондай-ақ «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған күннен бастап 20 жыл ішінде оны қолдану тәжірибесіне талдау жасау болды.

       Дөңгелек үстелдің модераторы PhD докторы Баймағамбетова З.М. болды.

       Құттықтау сөзімен халықаралық қатынастар факультетінің деканы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сайрамбаева Ж.Т.; Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі – PhD докторы, доцент Алтаева Қ.Ж. сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде келесі мәселелер талқыланды:

• «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық жүйесінде: халықаралық шарттардың рөлі мен маңызы» - сарапшы, шақырылған қонақ – PhD докторы Ерік Бауыржанұлы Ахметов, Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Қазақстан Республикасы Өкілдігінің (Президент Әкімшілігі) инспекторы;

• «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясын Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізу мәселелері» - баяндамашы – заң ғылымдарының кандидаты, халықаралық құқық кафедрасының доценті Самалдыков М.К.;

• «Халықаралық шарттарды жасау кезеңіндегі құқықтық сараптама және оларды ұлттық заңнамаға енгізу» - баяндамашылар - PhD докторы Нысанбекова Л.Б., аға оқытушы Жүнісов Ж.С.

• «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» - баяндамашы, PhD докторы Байтукаева Д.У.;

• «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары және заңсыз шығарылған активтерді қайтару саласындағы ТМД шеңберінде өзара құқықтық көмек көрсету тетіктері: талдау және ұсыныстар» - баяндамашы, магистрант С.Тұрсынбеков;

• «Қазақстан Республикасындағы қалдықтарды басқаруды құқықтық реттеудегі халықаралық шарттардың рөлі» - баяндамашы, магистрант Тоқтарбекова М.;

• «Қазақстан Республикасындағы қалдықтарды басқаруды құқықтық реттеудегі халықаралық шарттардың рөлі: Қазақстан Республикасындағы қалдықтарды басқаруды құқықтық реттеудегі халықаралық шарттардың рөлі» - баяндамашы, магистрант Ван Си.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша:

• келісім-шарт құқығын терең білетін халықаралық заңгерлерді кәсіби даярлаудың маңыздылығы атап өтілді;

• қатысушылар Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерді орындауына тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті;

• Дөңгелек үстел халықаралық шарттық құқық және Қазақстан Республикасындағы құқықтық институттарды нығайту мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу үшін маңызды алаң болды.