
Қазақстан елінің мемлекеттік жалауын көтеру рәсімі маған ерекше әсер етті. Бұл мен үшін жай ғана ресми іс-шара емес, әрбір сәтте өз еліме деген мақтаныш сезімі оянып, ерекше толқыдым. Әнұран дыбысымен баяу көтерілген жалау жан дүниеме тыныштық сыйлап, рухымды көтерді.
Әсіресе, әскери қызметкерлердің сап түзіп, бірдей қимылдағаны өте әдемі, әрі салтанатты көрініс болды. Бұл саптың қаншалықты еңбек пен тәртіп арқасында жүзеге асқаны айдан анық. Тағы бір маңызды сәт- сарбаздың Елбасымызбен қол алысуы. Бұл әрекетте қызметке деген құрмет, сенім және алғыс білінеді.
Мұндай шаралар еліміздің рәсімдерін құрметтеу қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Ол біз үшін жай ғана жалау емес, ол — Тәуелсіздігіміздің, тарихымыз бен келешегіміздің символы! Қазақстан республикасында тұрғаныма мақтан тұтамын!
Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Мурзатаева А. Т.