Білім саласындағы әлеуметтік әріптестікFarabi University

Білім саласындағы әлеуметтік әріптестік

4 маусым, 2025

Әлеуметтік әріптестік жоғары білім беру саласында маңызды рөл атқарып, студенттерге сапалы білім беру мен кәсіби дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Әрі бұл Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағытына да сай келеді. Осы орайда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің өзара әрекеттестігі ерекше маңызға ие. ҚазҰУ-дың Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде онлайн түрде 2-курс студенттеріне арнап «Кәсіпкерлік құқық» пәні бойынша дәрістер өткізілуде.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдар­ла­­масы аясында жүзеге асқан бұл бас­тама студенттерге кәсіпкерлік құқық саласындағы білімін кеңейтіп терең­де­туге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағдарлама Қазақстандағы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық реттелуін, кәсіпкерлікті дамыту мен қоғам үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлік бастамаларды ынталан­ды­ру­ға бағытталған. Бұл өз кезегінде сту­дент­тердің кәсіби тұрғыдан дамуына әсер етіп, оларды еңбек нарығында бә­се­кеге қабілетті етіп даярлауға сеп­тігін тигізеді.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдар­ла­масы екі университет арасындағы ака­демиялық ынтымақтастықты ны­ғай­тып, елімізде білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қа­дам. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу уни­верситеті арасындағы қарым-қаты­нас­тар білім саласындағы әлеуметтік әріп­тес­тіктің тиімді үлгісі ретінде көрінеді.

Әлеуметтік әріптестік пен білім беру сапасын арттыру мақсатындағы мұндай бағдарламалар еліміздің білім беру жүйесіне жаңа серпін беріп, жастарды жоғары білікті маман ретінде даярлауға ықпал етеді. Тұтастай алғанда бұл іс-шаралар Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуында кәсіп­кер­лік­тің маңыздылығын арттыруға ба­ғыт­талған ерекше бастама.                                     

                                                                     Гүлдана ҚУАНАЛИЕВА,

Кеден, қаржы және экологиялық құқық

 кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор