«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту

«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту: «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Қансарқызы Құдайбергенова АҚШ-тың Иллинойс университетінде ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Қансарқызы Құдайбергенованы Иллинойс университетінің (АҚШ) тағылымдамадан сәтті өтуімен және сертификат алуымен құттықтаймыз.
Құдайбергенова С.Қ. 2024 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша халықаралық тағылымдамадан өтуге стипендияны жеңіп алды. Ол Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінде (UIUC) білім беру технологиялары, сандық және сапалық зерттеулер жүргізу, жаңа технологияларды зерттеу, квалификациялық зерттеулер жүргізу, университетте жаңа технологияларды алу, университет кітапханасы мен зертханасында зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша,.бір жылдық ғылыми тағылымдамадан (2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың 26 мамырына дейін) өтті.
2025 жылдың 2 маусымында аға оқытушы С.К. Құдайбергенова Философия және саясаттану факультетінің деканы – Б.Б.Мейрбаевпен, деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Е.Н. Осербаевпен кездесіп, тәжірибесімен бөлісіп, жұмысқа кірісті. Философия және саясаттану факультеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасында ғылыми семинар жоспарланды..
Сандуғаш Қансарқызы Құдайбергеноваға жаңа шығармашылық табыстар мен жетістіктер, амандық пен денсаулық тілейміз!