Қ.Жұбанов университеті үшін Қоғамтану және тарих бойынша әдістемелік курс өтіп жатырFarabi University

Қ.Жұбанов университеті үшін Қоғамтану және тарих бойынша әдістемелік курс өтіп жатыр

11 маусым 2025
Қ.Жұбанов университеті үшін Қоғамтану және тарих бойынша әдістемелік курс өтіп жатыр

9 маусымда, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің өкілдері үшін «Қазақстан тарихы және Қоғамтану: өзекті мәселелері, зерттеу әдістері мен әдістемесі» атты курстар басталды. Бұл бағдарлама 2025 жылғы 20 маусымға дейін жалғасады және тыңдаушыларға әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды оқытуда заманауи тәсілдерді ұсынады.