ҚазҰУ-да NEXUS симуляциялық оқыту ойыны енгізілудеFarabi University

ҚазҰУ-да NEXUS симуляциялық оқыту ойыны енгізілуде

9 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде NEXUS симуляциялық оқыту ойынын оқу процесіне белсенді түрде енгізу басталды. Бұл ойын студенттерге су, энергия және азық-түлік ресурстарын тұрақты басқару саласында жүйелік ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

NEXUS ойыны шынайы әлеуметтік, экологиялық және экономикалық қиындықтарды модельдей отырып, су–энергия–азық-түлік секторлары арасындағы өзара байланыстарды және келісілген шешімдер қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді. Аталған ойын қазақ және орыс тілдеріне аударылып, университетке Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық Орталығы (РЭЦЦА) тарапынан сыйға тартылды.

Факультет кафедраларының қолдауы және бастамасы негізінде арнайы оқудан өткен оқытушылар мен PhD докторанттарынан тұратын жаттықтырушылар командасы дайындалды. Қазіргі таңда бұл ойын оқу үдерісінде белсенді қолданылып жатыр: Қазақстан-Қытай бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары зертханасы базасында бакалавриат және магистратура студенттерімен бірнеше ойын сессиялары өткізілді.

Ойын барысында студенттер келесі мүмкіндіктерге ие болады:

  • су, энергия, ауыл шаруашылығы, экология және халық секторының өкілдері рөлін ойнау;
  • шектеулі ресурстар жағдайында стратегиялық шешімдер әзірлеу;
  • саларалық диалог пен тұрақты жоспарлаудың маңыздылығын түсіну;
  • топпен жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

NEXUS ойынын енгізу – тәжірибеге бағытталған оқытуды күшейтудің, тұрақты даму мәселелерін шешудегі академиялық тәсілдерді кеңейтудің және табиғи және әлеуметтік жүйелер арасындағы күрделі байланыстар жағдайында тиімді жұмыс істей алатын болашақ мамандарды даярлаудың маңызды қадамы болды.

Бұл бастама ҚазҰУ-дың білім беру бағдарламаларын жаңғырту және су дипломатиясытұрақты даму және табиғи ресурстарды басқару салаларында озық оқыту әдістерін ілгерілету жолындағы кешенді жұмысының бір бөлігі болып табылады.