Венгриялық зерттеушімен жүздесуFarabi University

Венгриялық зерттеушімен жүздесу

12 маусым, 2025

Тарих факультетінің жанынан құрылған «Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерделеудің респуб­ли­калық ғылыми-зерттеу орталығы» мен Қазақстан та­рихы кафедрасының оқытушы-профессорлар құра­мы бірле­сіп венгриялық зерттеуші, PhD, Саяси режимнің өзгеру та­рихы ғылыми-зерттеу институты және мұра­ға­тының (RETÖRKI) директоры Питер Штрауспен кездесу өткізді.

Доктор Питер Штраус ХХ ға­сырдағы Венгрия мен Еу­ро­па тарихына, әсіресе қырғи-қабақ соғыс дәуіріне, әлеу­мет­тік режимнің өзгеруіне және оның алғышарттарына ғылыми талдау жасаумен айналысатын ғылыми-зерттеу институтының қызметімен таныстырды. Инс­ти­тут мұрағаты қорындағы Вен­грия режимін өзгертуге және антикоммунистік эмигра­ция­ға қатысқан маңызды тұл­ғалардың жеке жинақтарының маңызы айтылды. Сонымен бір­ге қазіргі әлемде болып жат­қан процестердің күр­де­лілігіне байланысты тарихқа әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан келудің маңызын атап өтті.

Қазақстан мен Венгрия/Шы­ғыс Еуропа елдерінің бір­лес­кен салыстырмалы зерт­теу­лерін жүзеге асыру бо­йын­ша пікір алмасу болды. Инс­титутта тоқсан сайын шы­ғатын Journal of Rejime Change журналында тарих факультеті оқытушыларының мақала­ла­рын ағылшын тілінде жариялау, сту­денттер, магистранттар мен докторанттар үшін венгр зерттеушілерінің ХХ ғасырдағы Венгрия және Еуропа тарихы бойынша онлайн дәрістерін ұйымдастыру туралы өзара келісім жасалды.

Тоқсан сайын Rendszerváltó Szemle деп аталатын мерзімді басылым жарық көріп оты­ра­ды. Ба­сылымның мақсаты – RETÖRKI институтында жүргі­зі­ліп жатқан қарқынды жұ­мыс­тарды көрсету. Сонымен қатар мерзімді басылым инс­титуттың маңызды және ғы­лы­ми маңызды құжаттарын, олар­­ға қатысты түсіндірме жұ­мыстарын үнемі жариялап оты­рады.

RETÖRKI жас сарапшылар тобы мекеменің негізі қаланған кезде тұжырымдалған бас­тап­қы мақсат пен идеяларды біл­діре отырып, венгриялық және халықаралық кәсіби ынты­мақ­тастық пен бағдарламаларға қа­тысуға күш салады. Осы­лай­ша елдің өткен тарихын жақ­сы­рақ түсінуге мүмкіндік беріп, оқиғалардың шынайы бейнесін ашып көрсетуге жол ашады.

Болашақ мамандарға инс­ти­туттың жүргізіп отырған зерт­теулері бойынша ғылыми нә­тижелерімен танысуға бір­не­ше жолмен мүмкіндік бе­рі­леді. Институт тарих және сая­саттану бакалавры және ма­гистратура студенттері үшін сы­нақтан өту және қорғау бағ­дарламаларын ұдайы ұсынып оты­рады.

Осыған байланысты кез­де­су барысында Қазақстан та­ри­хы кафедрасының ме­ңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., про­фес­сор Б.Кәрібаев тарих ту­ра­лы білімді кеңейтуге, шынайы тү­сініктерді қалыптастыруға ық­пал ететін халықаралық кә­сіби ынтымақтастықтың ма­ңыз­дылығын атап өтті. Аталған іс-шараға оқытушылар, сту­дент­тер мен магистранттар қа­тысты.

Гүлнар ХАБИЖАНОВА,

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры 

Ақнұр ҚОШЫМОВА,

т.ғ.д., аға оқытушы