- Басты бет
- Кампус
- Университетте "Жасыл ел" бағдарламасы аясында студенттік құрылыс жасағының жаңа маусымы ашылды.
Университетте "Жасыл ел" бағдарламасы аясында студенттік құрылыс жасағының жаңа маусымы ашылды.

2025 жылдың маусым айынан бастап оқу ордамызда еліміздің жастарын біріктіретін маңызды экологиялық-еңбек жобалардың бірі – "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша студенттік құрылыс жасағының жаңа маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына Студенттік қалашық директоры Сейтжанов А.А., сондай-ақ студенттік қалашықтың жауапты мамандары қатысты. Жаңа еңбек маусымында студенттердің жұмысын үйлестіру мақсатында студенттік құрылыс жасағының штабы құрылып, оның басшысы ретінде студенттік қалашық әкімшілігінің бас маманы Худайбергенов Ж.Т. тағайындалды.
Іс-шара барысында Сейтжанов А.А. жастарға сәттілік тілеп, алда атқарылатын жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Ол еңбек процесінде қауіпсіздік нормаларын сақтау – басты талаптардың бірі екенін ерекше атап өтті. Осы мақсатта, техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы мамандар шақырылып, қатысушыларға түсіндіру жұмыстары мен нұсқаулықтар жүргізілді.
Жасыл ел – жастардың табиғатқа деген жанашыр көзқарасының көрінісі Қазіргі таңда экология мәселесі – жаһандық маңызға ие өзекті тақырыптардың бірі. Осы тұрғыда елімізде жастардың табиғатты қорғауға атсалысуына мүмкіндік беретін ерекше жоба – "Жасыл ел" жастар еңбек жасағы өз жұмысын қарқынды түрде жалғастыруда.Біздің университетіміздің белсенді студенттері бұл бастамаға жыл сайын белсене қатысып келеді. Жазғы еңбек маусымында олар қаланы, кампус аумағын, саябақтар мен қоғамдық орындарды көгалдандыру, тазалау, абаттандыру жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар, студенттер экологиялық мәдениетті насихаттайтын акциялар мен ақпараттық шараларға да белсене қатысуда.