Самарқанд университеті оқытушылары біліктілікті арттыру курсынан өтті — ҚазҰУ

Самарқанд университеті оқытушылары біліктілікті арттыру курсынан өтті

13 маусым 2025
Самарқанд университеті оқытушылары біліктілікті арттыру курсынан өтті

2025 жылғы 2 маусым мен 30 маусым аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Самарқанд мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы үшін «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» және «Философия» бағыттары бойынша курстар ұйымдастырылды.
Курс барысында қатысушылар отандық ғалымдармен тәжірибе алмасып, заманауи оқыту әдістерін меңгерді. Бағдарлама философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша өзекті мәселелерді қамтыды.