Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары біліктілікті арттыру курстарын бастадыFarabi University

Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары біліктілікті арттыру курстарын бастады

18 маусым, 2025

2025 жылғы 16 маусымда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру курстары басталды. Оқу процесі ҚазҰУ қалашығында жүргізіледі және 18 шілдеге дейін жалғасады.

Курстардың жалпы академиялық жүктемесі – 144 сағатты құрайды. Тыңдаушылар «Филология», «Лингвистика», «Педагогика және психология» сынды бағыттар бойынша білімдерін жетілдіреді. Бағдарлама аясында қатысушылар заманауи оқыту әдістемелерімен, білім беру технологияларымен танысып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

Курс мазмұны теория мен практиканы ұштастырып, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.