ҚазҰУ THE Impact Rankings 2025 рейтингінде өз позициясын сақтап қалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Times Higher Education Impact Rankings 2025 (THE IR) рейтингінде Топ 401-600 позициясын сақтап, тұрақты даму саласындағы көшбасшылардың бірі мәртебесін тағы да дәлелдеді.
Биыл университет Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша бірқатар бағыттарда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бұл оқу орнының тұрақты даму стратегиясына беріктігін және жаһандық сын-қатерлерді шешуге қосқан үлесін көрсетеді.
Атап айтқанда ҚазҰУ өткен жылдағыдай ТДМ 2 – «Аштықты жою» және ТДМ 8 – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсім» бойынша өз позицияларын сақтап қалды. ТДМ 3 – «Денсаулық және әл-ауқат» бағыты бойынша айтарлықтай серпіліс жасап, университет 601-800 орыннан 201-300 орынға көтерілді.
Сондай-ақ ТДМ 4 – «Сапалы білім» бойынша университет 801-1000-нан 601-800-ге дейін және ТДМ 9 – «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» бағытында – 401-600-ден 301-400-ге дейін алға ілгеріледі. Көрсеткіштердің жоғарылауы ТДМ 10 – «Теңсіздікті азайту» (401-600-ден 301-400-ге дейін өсу) бойынша болды.
ТДМ 11 –«Тұрақты қалалар мен елді мекендер» және ТДМ 13 – «Климаттың өзгеруімен күрес» бойынша университет өз позицияларын 401-600 диапазонында сақтап қалды. Университет ТДМ 16 – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» бойынша нәтижені жақсартып, 401-600-ден 301-400-ге тобына алға жылжыды.
Әлемнің 2000-нан астам университеті бағаланатын бұл рейтинг ҚазҰУ-ға БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы үлесін жаһандық академиялық қауымдастыққа көрсетуге мүмкіндік береді. Университет тұрақты болашақ мүддесі үшін ғылыми зерттеулерді, білім беру бағдарламаларын, әлеуметтік бастамаларды және серіктестіктерді жүйелі түрде дамытып келеді.
ҚазҰУ-дың THE Impact Rankings 2025 рейтингіндегі жоғары көрсеткіштері университеттің қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге білімді практикалық шешімдерге айналдыруға бағытталған стратегиясының тиімділігін дәлелдейді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымын тұрақты даму мен халықаралық деңгейде танылу жолындағы жаңа жетістігімен құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
