«Кәсіби білім берудегі интернет-сауаттылық: әдістер мен шешімдер» атты III республикалық семинар өтеді

17 ақпан, 2016

«Өрлеу» Ұлттық Республикалық біліктілікті арттыру институтының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби білім берудегі интернет-сауаттылық: әдістер мен шешімдер» атты III республикалық семинар өтеді. Шараға Алматы қаласы мектептері мен колледждері, Жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады.

Семинар қазақ тілі және шет тілдері мен әдебиеті, этнопедагогика және білім берудегі тұлға аралық коммуникация модульдеріне негізделеді.

Шеберлік сыныптары мен семинарларды "Өрлеу" Ұлттық Республикалық біліктілікті арттыру институтының дәріскерлері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасы, Филология және әлем тілдері факультетінің «Аударма ісі» кафедрасы, Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедраларының профессор-оқытушылары жүргізеді. Сонымен қатар IT мамандарының шеберлік сағаттары өтеді. Әдістемелік семинар жинағы жарық көреді.

Семинарға қатысушылар almagul.kurmanbaeva@kaznu, aikerim.alimjanova@kaznu.kz почтасына тіркелуі қажет. Тел: +7072669254

Семинар 2015 ж. 24 ақпан сағат 9.00-18.00 аралығында өтеді (тіркелу, түскі үзілісті қосқанда).

Қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификат беріледі.

Өтетін орны: Журналистика факультеті, Т.Қожекеев атындағы 230 мәжіліс залы