Студенттер нарколог-дәрігермен кездесті

19 ақпан, 2016

Философия және саясаттану факультетінің "Дінтану" мамандығының 2-курс студенттері нарколог-дәрігер Хартиади Елена Алексеевнамен кездесті.

"Дінтану" мамандығының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Біз есірткіге қарсымыз!" атты тақырыпта Қалалық наркологиялық орталықтың дәрігер-наркологымен сұхбат өтті. Кездесу"Саламатты дене мәдениеті" жобасы аясында ұйымдастырыып, сұхбат профилактикалық және ағартушылық бағытта өрбіді.

Кездесудің басты мақсаты еліткіш заттарды қабылдаудың қауіп-қатері жайын қозғау болды. Бұл тұрғыда мәселе тек түрлі қауіптерді хабарлауды ғана емес, салауатты өмір салтының мән-маңызын насихаттауға бағытталған еді. Кездесу барысында еліткіш заттарды қолданудың жиі кездесетін негізгі себептері жайлы да айтылды.

Студенттер әңгімеге белсенді араласып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып отырды. Ал содан соң есірткінің зияны туралы бейнеролик көрсетілді.

Нарколог маман еліткіш заттардың зияны жайлы айтып қана қоймай, оларға қалай қарсы тұру керектігін және тәуелділік торына түсіп қалған адамдарға қалай көмектесу қажеттігін түсіндірді.

Осы секілді профилактикалық-ағартушылық әңгімелердің берері мол. Іс-шара жастардың тыйым салынған заттарды қолдануға деген қарым-қатынасын бағалауға, жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алудың тиімді жолдары мен әдістерін анықтауға көмектеседі.

Ұйымдастырушылар: Мейрбаев Бекжан Берикбайұлы, Абжалов Сұлтанмурат Өтешұлы, Каңтарбаева Жанна Орынбасарқызы және "Дінтану" мамандығының 2-курс студенттері.