ҚазҰУ-дағы көңілді кеш

21 ақпан, 2016

ҚазҰУ-лық "Сұңқар" студенттер кәсіподағы дәстүрлі түрде өткізетін "Сұңқар кубогы" КВН лигасының жартылай финалы өз мәресіне жетті.

Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен «көңілді тапқырлар клубының» әзілдерін тыңдауға студенттер мен магистранттар тегіс жиналды. Кеште көрермендерге студенттерден бөлек, «Ұлттық құрама» әзілқойлары өнер көрсетті. Көңілді кешті әзіл әлемінің майталманы Дастан Жайнақ тізгіндеді.

Іс-шараға барлығы 9 команда қатысты. Көңілді тартыс қорытындысы бойынша 5 команда финалға жолдама алды. Олардың ішінде Механика-математика факультетінің "Мехмат құрамасы", "Дарынды түлектер", Заң факультетінің "Бәке, Мәке, Шәке", Физика-техникалық факультетінің "Физтех құрама", таң қалдырудан жалықпайтын филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің "Таң қалмаңыз" КВН командалары суырылып шығып, "Сұңқар кубогы" КВН лигасының финалдық ойындарында бақтарын сынауға мүмкіндік алды.

Жартылай финалдың қорытындысы бойынша Журналистика факультетінің "Айналайын" КВН командасының мүшесі - Бақытнұр Оспанова "Мис КВН", ал "Дарын түлектері" КВН командасының мүшесі Абзал Қамбаров "Мистер КВН" номинациясына ие болды. Ал ең үздік жанкүйерлер номинациясын механика-математика факультетінің жалынды студенттері қанжығалады.

Финалға өткен командаларға сәттілік тілейміз!