Университет оқытушылары мен қызметкерлері назарына
Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен қызметкерлері!
Халықаралық ынтымақтастық департаментi Кадис Университетінің оқытушылық ұтқырлық, біліктілікті арттыру мақсатындағы ұтқырлық және Erasmus + бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу шәкіртақысын алу жөнінде байқау жариялайды.
Шәкіртақы бойынша:
• Жол шығындары өтеледі;
• Күндік шығындарды өтеу мақсатымен тәулігіне 120 еуро көлемінде шәкіртақы төленеді (5 күн + 2 күн көшуге арналған)
• Назар аударыңыз! Тәжірибе мерзімі 2 айға дейін созылуы мүмкін, алайда бағдарлама тек алдыңғы тармақта көрсетілген күндердің шығынын ғана қамтамасыз етеді.
Қажетті құжаттар:
- Доцент тағылымдамасы жөніндегі ұсыныс (еркін нысанда мақсаттар, міндеттер мен іс-шараларды көрсетіп, ағылшын немесе испан тілдерінде өткізуі қажет) – оқутышылық ұтқырлық мақсатында
- Тағылымдама жөніндегі ұсыныс (еркін нысанда мақсаттар, міндеттер мен Кадисте іске асырғысы келетін іс-шараларды көрсетіп, ағылшын немесе испан тілдерінде өткізуі қажет) – біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу ұтқырлығы мақсатында
- Өтініш нысаны
- Ұтқырлық туралы келісім
- Төлқұжат көшірмесі
- Қысқаша түйіндеме
Іріктеу критерийлері:
- Доцент тағылымдамасы/ұтқырлығы жөніндегі ұсыныстың Кадис университетінің академиялық мүдделеріне сәйкес келуі;
- Бағдарламаға қатысушы университеттер мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық үшін берілген тағылымдаманың/ұтқырлықтың маңыздылығы;
- Берілген ұтқырлықтың тиімділігі.
Қойылатын талаптар:
Ағылшын және испан тілдерін университетте сабақ беру деңгейінде меңгеру – оқутышылық ұтқырлық мақсатында
Ағылшын және испан тілдерін қабылдау университетіндегі оқытушылар және қызметкерлермен еркін тілдесу үшін B2 деңгейінде меңгеру – біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу ұтқырлығы мақсатында
Қажетті ақпаратпен университет сайтында танысуға болады:
http://www.uca.es/ori/erasmus/movilidad-profesores
Оқытушылық ұтқырлық:
Біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу ұтқырлығы (орыс тілінде):
Өтінішті өткізудің соңғы мерзімі: 29.02.2016ж.
Орындар саны шектеулі.
Ниет білдірушілерді Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуды өтінеміз (Ректорат ғимараты, 12-қабат, каб.1205,1204 тел. 3773446)