ҚазҰУ Ұлттық домбыра күніне бейнеролик әзірледіFarabi University

ҚазҰУ Ұлттық домбыра күніне бейнеролик әзірледі

8 шілде, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен шетелдік білім алушылары Ұлттық домбыра күніне орай, «Ер Тұран» күйін орындап, Баспасөз қызметі бейнеролик әзірледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында: «Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. Әсіресе өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі», – деп атап өтті.

Осыған сәйкес, бейнероликте білім алушы жастардың ұлттық өнерге деген ерекше ықыласы, оқу ордасының оқу жылындағы жетістіктері, студенттер өміріндегі маңызды шаралар қамтылған.

Атап айтқанда 1-курс білімгерлерін Студенттер қатарына қабылдау кеші, оқу ордасының 90 жылдық мерейтойында студенттердің Президент Алғыс хатымен марапатталу сәті, Түлектер күні, диплом табыстау рәсімі сияқты оқиғаларды көруге болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі