Білім керуенінің келесі аялдамасы – Ақбұлақ ауылыFarabi University

Білім керуенінің келесі аялдамасы – Ақбұлақ ауылы

9 шілде, 2025

Бөрлі ауылынан кейін «Білім керуені» Ақбұлақ ауылына аялдады. Білім мен тілді ауыл халқына жақындатуды мақсат еткен бұл бастама өз жемісін беруде. Ауыл тұрғындары қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге ерекше қызығушылық танытып, белсенді қатысып жатыр.

Сабақтар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білікті оқытушыларының жетекшілігімен өткізілуде. Олар заманауи әдістемелерді пайдалана отырып, тыңдаушылардың күнделікті өмірде қолдана алатын тілдік дағдыларын дамытуға басымдық беруде.

Курсқа қатысушылардың арасында түрлі маман иелері мен жастар бар. Жылы қарым-қатынас, түсінікті тіл, қолжетімді формат – Ақбұлақтағы оқытудың басты ерекшелігі болды. Бұл оқыту тек тіл меңгеру ғана емес, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын сенімді қадам екені дәлелденіп отыр.