Білім керуенінің келесі аялдамасы – Пугачев ауылыFarabi University

Білім керуенінің келесі аялдамасы – Пугачев ауылы

10 шілде, 2025

Ақбұлақтан кейін «Білім керуені» өз сапарын Пугачев ауылында жалғастырды. Жобаның басты идеясы – сапалы тілдік білімді шалғайдағы ауыл тұрғындарына қолжетімді ету. Бұл бағыттағы жұмыс Пугачев ауылында да ерекше ықыласпен қабылданды.

Қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне бейімделген мазмұнда өтті. Қатысушылар өз тілдік қабілеттерін дамытуға деген шынайы ниеттерін білдіріп, сабақтарға белсенді қатысты.

Сабақтарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәжірибелі оқытушылары – Гүлсима Құрбанбекқызы Дайрабекова және Жанар Сәрсенбай жүргізді. Олардың әрбір сабағы қатысушылар үшін шабыт пен сенім сыйлады.

Тыңдаушылар арасындағы ашық диалог, өзара қолдау және жылы атмосфера — осы ауылдағы оқытудың ерекше көрінісіне айналды. Пугачевтегі аялдама – бұл білім мен мүмкіндіктерге бастар тағы бір қадам.