ҚазҰУ-да шығармашылық емтихандар өз мәресіне жеттіFarabi University

ҚазҰУ-да шығармашылық емтихандар өз мәресіне жетті

13 шілде, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8-13 шілде аралығында бірқатар білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық қабілеттер мен кәсіби дағдыларды бағалау мақсатында шығармашылық емтихандар өткізілді. Оған жалпы 606 талапкер тіркеліп, 596 үміткер қатысты.

Атап айтқанда, талапкерлер – «Аудиовизуалды құралдар және медиа өндіріс», «Мода және дизайн», «Журналистика және репортерлік іс», «Дінтану және теология», «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша емтихан тапсырды.

Оның ішінде талапкерлер ең көп қатысқан бағдарлама — «Журналистика және репортерлік іс», бұл бағыт бойынша 266 талапкер сынға түскен. Бұл көрсеткіш аталған мамандықтың жоғары сұранысқа ие екенін және университетке деген сенімді білдіреді.

Оқу орнында емтихандар қабылдау науқаны талаптарына сай ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі