Білім керуені Жарсуат ауылында жалғасты
.png)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты жүзеге асырып жатқан «Білім керуені» жобасы Батыс Қазақстан облысының Жарсуат ауылында жалғасын тапты.
Аталған жоба ауыл тұрғындарына қазақ және ағылшын тілдерін қолжетімді форматта меңгеруге мүмкіндік беріп отыр. Курстарға түрлі жастағы азаматтар қатысып, күнделікті өмірде қолдануға болатын практикалық білім алуда.
Сабақтар тәжірибелі оқытушылардың қатысуымен ұйымдастырылып, оқыту үдерісі интерактивті форматта өтті. Тыңдаушыларға үй тапсырмалары беріліп, тілдік ойындар мен әндер арқылы тілдік орта қалыптастырылды. Сонымен қатар, сабақ барысында қатысушылар арнайы тақырыптар бойынша билет таңдап, еркін сөйлеуге машықтанды.
Осы аялдама барысында қатысушылардың белсенділігі жоғары болып, тіл меңгеруге деген қызығушылықтың артып келе жатқаны байқалды. Бұл «Білім керуені» жобасының ауылдық өңірлердегі өзектілігін айқын көрсетеді.
Басқа жаңалықтар
.png)
.png)
.png)