ҚазҰУ дарындыларды іздеуде

22 ақпан, 2010

2010 жылдың 16 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби» Олимпиадасының салтанатты ашылуы болды.

Олимпиаданы салтанатты түрде ҚазҰУ проректоры М.К. Орынханов пен Алматы қаласы Білім Басқармасының бастығы Р.С. Шимашева ашты.

Проректор М.К. Орынханов «әл-Фараби» олимпиадасының маңыздылығын атап өтіп: «Астана мен Алматы қалаларының, облыстарының мектеп директорларын, Білім Басқармаларының үлкен қолдауларының арқасында университетіміз білім және ғылым үдерісінде өзінің әлеуетін өсіріп, қоғамымыз дамып, Қазақстан азаматтарының жаңа ұрпағы тәрбиеленуде,» - деп алғыс білдірді.

«Әл-Фарби 2010» Олимпиадасының басты ерекшеліктері - Олимпиада 14 пән бойынша жүргізу, Қазақстанның барлық аумақтарының қатысушыларын кеңінен қамту. Ақпанның 16-сынан наурыздың 13-не дейін Университет профессорлары Қазақстанның барлық аймақтарында болып қайтады. Олимпиада мақсаты: бүкіл ел бойынша талантты әрі дарынды оқушыларды іріктеу, оқушылардың оқуға деген талпынысын күшейту, шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту. Қазақстанның 11 мыңнан астам оқушылары олимпиадаға қатысады. Шара тегін түрде өтеді.

Бақылаушы комиссиясының құрамына ғылым докторлары мен кандидаттары, ірі ғылыми мектептер жетекшілері, елге және әлемге белгілі ғалымдар кірді. Талантты жастарға ерекше көңіл бөлуге, Олимпиада жеңімпаздарын анықтау талабын орындауға мүмкіндік беретін жоғарғы деңгейдің профессорлық-оқытушылық құрамы бағаның әдістемесін жетілдіру болып табылады. Олимпиаданың қоятын талабы тек стандартты мектеп бағдарламасының білімін ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың тапсырманы орындаудағы шығармашылық қадамын да талап етеді.

«Әл-Фараби 2009» Олимпиадасының ашылуына, сондай-ақ өткен Олимпиаданың нәтижелері шығарылды. 2009 жылғы Олимпиадада бар болғаны 523 мектеп қатысты. Мектеп рейтингінің нәтижелерін шығару барысында қатысушылардың нәтижесі мен саны ескерілді. 2009 жылғы Олимпиадада жақсы нәтиже көрсеткен мектептер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осылай, жалпы командалық есепте I-орынды Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернаты, ал II-орынды №173 физика-математикалық гимназиясы, III-орынды №161 гимназиясы иеленді. Сондай-ақ олимпиаданың нәтижелері бойынша республиканың үздік мектептерінің рейтингі шығады.

2009 жылы Қазақ ұлттық университетінің елдегі жоғары оқу орындары арасынан ең көп мемлекеттік грант иегерлерін қабылдай отырып, қабылдау кампаниясының көшбасшылар тізімінде ең жоғарғы орынға шыққаны мәлім. Олардың ең көбі халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары, «Алтын Белгі» және ерекше аттестат иегерлері. Дегенмен, мұның артында мақтаныш ғана емес, сонымен қатар талантты профессорлар мен ұстаздардың күнделікті тер төккен адал еңбектері жатыр. Олардың міндеті - «Әл-Фараби» Олимпиадасы арқылы мектеп түлектерін қабілетті әрі талантты етіп, сапалы білім беріп шығару.

Биыл «әл-Фараби» Олимпиадасы Түлектер қауымдастығы, Ғылым және Білім Министрлігінің және Мансап секторының тұрақты әріптестері ЖШС «Beeline», ЖШС «Microsoft Kazakhstan», АҚ «ҰҚ Қазатомөндіріс» қолдауымен өтеді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі