«Білім керуені» Ақсай қаласында: тіл курстары сәтті жалғасуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан «Білім керуені» жобасы Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында өз жұмысын жалғастыруда.
Жобаның мақсаты — жергілікті тұрғындардың қазақ және ағылшын тілдерін үйренуіне мүмкіндік жасау, тілдік құзыреттілікті арттыру және заманауи әдістемелер арқылы білім беру.
Қазіргі уақытта Ақсай қаласындағы №3 мектепте практикалық сабақтар өтіп жатыр. Курстар демалыс күндері ұйымдастырылған, бұл жұмыс істейтін тұрғындарға тиімді болуда.
Сабақтарды ҚазҰУ-дың тәжірибелі мамандары —
Дайрабекова Гүлсима Құрбанбекқызы, PhD кандидаты, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы
Сәрсенбай Жанат Асылханқызы, PhD ғылым докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы
жүргізіп отыр.
Курстар интерактивті ойындар, әндермен жұмыс, сөйлеу жаттығулары және топтық тапсырмалар арқылы қызықты әрі нәтижелі өтуде. Тыңдаушылар сабақтың мазмұны мен оқытушылардың әдістемесін жоғары бағалауда.
“Сабақ өте қызықты әрі пайдалы. Өзімнің тілдік дағдыларыма сенімді бола бастадым,” – дейді бір қатысушы.
«Білім керуені» Ақсайдан соң басқа елді мекендерде жалғасады.
Басқа жаңалықтар
.png)