Көкшоқыға серуенFarabi University

Көкшоқыға серуен

22 шілде, 2025

Тұрақты даму мақсат­та­рының №3 – «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» бағыты аясында химия және химиялық технология факультетінің ұжымы Көкшоқыда демалып қайтты. 

Химия және химиялық техноло­гия факультетінде дәстүрге ай­нал­ған жақсы бір үрдіс бар. Оқу жы­лының соңында оқытушылар мен сту­денттер табиғат аясында бас қосып, біржылдық еңбектің жемісін бірге атап өтеді. Биыл да бұл игі дәстүр жалғасын тауып, факультет ұжымы Көкшоқы Qalalyq ferma де­малыс орнына серуен ұйым­дас­тыр­ды.

Көкшоқының таза ауасы, шы­рай­лы табиғаты мен кең жазықты жері де­малушыларға ерекше әсер сый­лады. Іс-шараға оқытушы-про­фес­сорлар құрамы, магистранттар, сту­денттер мен эдвайзерлер қатысты. Сонымен қатар оқытушылардың жасөспірім балалары да демалысқа қатысып, шараның мазмұнын арт­тыра түсті.

Бағ­дарлама аясында балалар­дың, факультет ұжымының қаты­суы­мен түрлі қызықты ойындар мен жа­рыстар ұйымдастырылды. Эста­фе­талық сайыстар, командалық ойын­дар, танымдық викториналар мен шығармашылық байқаулар де­ма­лысқа серпін беріп, ұжымдық рух­ты нығайтты.

Табиғат аясындағы ашық дас­тар­хан басында жылы тілектер мен естеліктер айтылып, еркін әрі бей­фор­мал жағдайда әңгіме өрбіді. Ба­лалар да ойындарға белсенді қа­ты­сып, үлкендермен бірге шат-шадыман күй кешті.

Іс-шара соңында ерекше бел­сен­ділік танытқан балалар мен жа­рыстарда жеңіске жеткен үш ко­манданың мүшелеріне сыйлықтар та­бысталды. Марапаттау рәсімін университет проректоры А.Галеева жүргізді. Ол қатысушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта да осындай ұжымдық шаралардың жалғасын табуына тілектестік білдірді.

Бұл демалыс тек сергіп, күш жи­науға емес, ұжым ішіндегі достық пен ынтымақты арттыруға, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар, от­басы мүшелерінің арасындағы бай­ланысты нығайтуға үлкен септігін тигізді.

Факультет ұжымы алдағы уақыт­та да бұл дәстүрді жалғастырып, осын­дай мазмұнды шараларды жиі ұйымдастыруды мақсат етіп отыр.

Бейқұт БАЛҒЫШЕВА,

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының

доценті, х.ғ.д.