Заңгер мамандығын не үшін таңдадым?Farabi University

Заңгер мамандығын не үшін таңдадым?

23 шілде, 2025

Менің арманым     көп. Соның бірі маман­дыққа байланысты. Өзім заңгер болғым келеді. Оның астарында көп­теген себеп жатыр. 

Біріншіден, мен қорғаушы жалдай алмайтын, оның қыз­ме­­тіне төлем жасай алмайтын адамдарға қызмет еткім ке­ле­ді. Біздің қоғамда көптеген адам әділдік үшін күреспейді, өйткені олар төмен ақы алатын адвокат таба алмайды. Сон­дық­тан олар әділетсіздікке кө­нуді жөн көреді, өйткені заң­гер­дің қызметіне қомақты ақы төлей алмайтындықтан, басқа амалдары да болмайды. Мен жапа шеккен адамдарға әділ­дік орнатуға көмектескім ке­ле­ді. Сондықтан мен заңгер бо­ла­мын деп шештім.

 Екіншіден, өз құқығымыз бен міндеттерімізді білуіміз ке­рек. Бұл біздің конституциялық және халықаралық заңдарды жеткілікті түрде білгенде ғана мүмкін. Өзінің конституциялық құқығы мен заңды толық мең­герген адам сауатты азамат бола алады.

Үшіншіден, өз отбасыма қор­ған болып, қолдау көр­сет­кім келеді. Бұл да маған заңгер ма­мандығын меңгеруге түрткі. Шынын айту керек, бүгінгі за­ман­да заңгер ретінде жұмыс істеу ықпалды және мансап қа­лайтын адам үшін сәтті бас­пал­дақ болуы мүмкін.

Көптеген адамдар заң­гер­лік кәсіпке мұқтаж адамдарға көмектесу және әлемді жақсы жаққа өзгертуге ықпал ету, көмек беру ниетімен қосылады. Азаматтық құқық, қоршаған ортаны қорғау, бизнес немесе әс­кери құқықпен айналыс­қы­ңыз келсе де, қоршаған ортаға, жұртшылыққа, жануарлар әле­міне құқықтық, заңнамалық жәр­дем беріп, пайда әкелу үшін құқықтық дағдылар мен білімді қолданудың көптеген мүмкіндіктері бар. Заңгер ре­тін­де сіз компанияларды, топ­тарды, жеке адамдар мен ба­лаларды және планета сияқты «дауыссыз адамдарды» жақ­сы­рақ қорғай аласыз. Осы кең ауқымды опцияларға қол жет­кізу кәсіби қажеттілігіңіз бен мүддеңізге сәйкес келетін рөл­ді табуға көмектеседі.

Мамандықтар туралы айт­қан­да әрқайсымыздың пікі­рі­міз әртүрлі. Талғамымыз да сан қилы, соған сай маман­дық­ты таңдаймыз. Мен үшін заң­герге тән тартымды қа­сиеттер – оның тапқырлығы, ба­тылдығы. Сондай-ақ заңгер барлық уақытта, әсіресе сот­та­ғы қызу сәттерде өз эмо­ция­сын толық бақылауда ұстауы ке­рек. Сонымен қатар егер оған қысым жасалатын болса, мұндай сәтте де салмақты жұ­мыс істеуге тиіс. Демек, мен өмі­рімде түрлі жағдайлардан үлгі алғым келеді. Сенімділік пен сабырлылықты үйреніп, ана­литикалық және сыни дағ­ды­ларға ие болғым келеді, өйткені бұл менің кәсіби ма­ман­дығыма байланысты кө­мек­тесетіні сөзсіз. Өзім ай­тып отырған қарым-қабілет, мінез менің бойымда қалып­тас­қан, сондықтан заң ма­ман­дығын дұрыс таңдағаныма сенімдімін.

Мен Қазақ ұлттық уни­вер­си­теті заң факультетінің 3-курс студентімін және өзім білім алып жатқан оқу орнымен мақ­та­на аламын. Себебі мұнда өте білім­ді, өз жұмысын жақсы білетін мамандар, оқытушы-профессорлар көп. Қаншама ғалымдар, солардың бірегейі – С.Сартаев, С.Зиманов және т.б. сол сияқты көрнекті ға­лым­дар өз қолтаңбасын қалдырып кеткен. Мамандығымды таң­дау­да қателеспегеніме, ҚазҰУ-ға оқуға түскенімді әрдайым мақтан етемін.

Мерей БЕЙСЕТБАЙ,

заң факультетінің

3-курс студенті