Ашық аспан астындағы кешкі сабақтар
25 шілде, 2025
«Білім керуені» жобасы аясында Ақсай ауданында ерекше форматтағы сабақтар өтті — ашық аспан астындағы кешкі сабақтар.
Тыңдаушылар жылы әрі еркін ортада қазақ және ағылшын тілдерін практикалық тұрғыда меңгеріп, түрлі ойындар мен тапсырмалар орындады. Еркін диалогтар мен тілдік жаттығулар қатысушылардың өз-өзіне сенімділігін арттырып, нақты тілдік ортаны сезінуге мүмкіндік берді.
Кешкі уақыттағы сабақты тыңдаушылар жоғары бағалап, бұл форматтың тиімділігін ерекше атап өтті.
Басқа жаңалықтар
30 қыркүйек, 2025
29 қыркүйек, 2025