Ақсай қаласында білім беру курстары жалғасудаFarabi University

Ақсай қаласында білім беру курстары жалғасуда

5 тамыз, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының ұйымдастыруымен Ақсай қаласында білім беру курстары сәтті өтіп жатыр. Бұл курстар мұғалімдер мен білім беру саласындағы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

Курс бағдарламасына заманауи педагогикалық әдістер, цифрлық білім беру, сыни ойлау және креативті оқыту сынды тақырыптар енгізілген. Тыңдаушылар теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, топтық жұмыстар, интерактивті сабақтар және нақты мысалдар арқылы үйренуде.

Курстарға қатысушылар жоғары деңгейде ұйымдастырылған оқу барысына оң бағаларын беріп, алған білімдерін өз жұмысында тиімді қолдана алатынын айтуда. Бұл бастама шалғай өңірлерде білім сапасын арттыруға және үздіксіз кәсіби дамуды қамтамасыз етуге үлкен үлес қосуда.