«XXI ғасырдың жаһандық қатерлері»

23 ақпан, 2016

География және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы әл-Фараби кітапханасында «XXI ғасырдың жаһандық қатерлері» атты екінші пәнаралық семинар өткізді.

Қазіргі таңда заманауи жаһандық қатарлер мен мәселелер бір-бірімен байланысты және олардың шешімі өркениеттің келешегіне әсер етеді.

Жаһандық қатарлер заманауи адамзаттың әр түрлі салаларының біркелкі дамымауының нәтижесінде, оның табиғатпен және қоршаған ортамен байланысы, сонымен қатар қоғамдық-экономикалық, қоғамдық-табиғи, саяси-идеологиялық және басқа адамдармен қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болады. Бұл мәселелер барлық адамзатқа және Қазақстан Республикасына да қатысты.

Аталмыш тұрақты семинар әр түрлі мамандарды, ғалымдар мен қоғамдық қызметкерлерді біріктіріп, адамзаттың жаһандық қатарлерін талқылауға, тұрақты даму саласының БҰҰ-ның мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Семинар барысында ақпараттық соғыс және терроризм, Қазақстандағы зымыран-ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі тақырыптарында сұрақтар қарастырылды.

Семинарға ҚазҰУ-дың ғалымдары, әр түрлі ғылыми-зерттеу институттарының (зоология, генетика, ботаника, экология мәселелері және т.б.), ЮНЕСКО "Адам және биосфера" Қазақстандық ұлттық комитетінің, "Бiлiм" оқу-мәдени орталығының өкілдері, сонымен қатар экология және қоршаған ортаны қорғау, тұрақты дамудың мәселелері қызықтыратын адамдар қатысты.