- Басты бет
- БАжҚБИ
- Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің оқытушылары біліктілікті арттыру курстарын бастады
Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің оқытушылары біліктілікті арттыру курстарын бастады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының ұйымдастыруымен Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстары өз жұмысын бастады.
Бағдарламаның мақсаты – жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін жетілдіру, заманауи білім беру технологияларын меңгеру және педагогикалық тәжірибе алмасу.
Курс барысында қатысушылар заманауи оқыту әдістемелерімен танысып, оқу процесін жетілдірудің жаңа тәсілдерін игереді. Сонымен қатар, тәжірибелік тапсырмалар мен пікірталас алаңдары арқылы тыңдаушылар білімдерін бекітіп, тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытады.
Бұл бастама екі университет арасындағы өзара әріптестікті нығайтып қана қоймай, аймақтағы білім сапасын арттыруға да үлес қосады.