Чех ғылым академиясы шығыстану институты өкілдерімен өткен семинар
9 ақпан күні Чех ғылым академиясы шығыстану институты өкілдері семинар өткізді. Қонақтар қытайтану кафедрасының ұжымын ғылым академиясы шығыстану институтының жұмысымен таныстырды. Институт өкілдерінің Қазақстанға келгендегі мақсаты, Орталық Азия қытайтанушыларының Қытайға көзқарасын зерттеу.
Семинарға кафедра оқытушылары мен магистранттары қатысты. Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, магистранттарды студент алмасу мәселесі мен халықаралық конференцияларға қатысу мүмкіншіліктері қызықтырды. Өз кезегінде Андрей Клемиш пен Вера Екснерова барлық сұрақтарға жауап берді, ынтымақтастығымыздың жалғасуына сенім білдірді.
Қытайтану кафедрасы әлемдік университеттермен байланыс орнатуға өлкен үлес қосып келеді. Бұл университет пен кафедраның дамуына ғана емес, еліміздегі шығыстану ғылымының дамуы үшін де өте маңызды.