Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың туғанына 85 жыл

23 ақпан, 2016

Көктемнің алғашқы күнінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде техника ғылымдарының докторы, профессор, механик-ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, ҚР жоғары білімі мен ғылымының бас ұйымдастырушысы, Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың туғанына 85 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтеді.

Академик Ө.А. Джолдасбеков - бірегей тұлға, ол Қазақстанның жоғары білімін дамытудың іргетасын қалады. Оның есімі Қазақстан үшін жаңа ғылыми бағыттармен, жаңа бағыттағы мамандар даярлаумен, жаңа зертханалар мен ғылыми орталықтардың, кафедралардың, Қазақстанның Ұлттық Инженерлік академиясының құрылуымен байланысты. Оның тұсында Қазақстанда студенттердің символына және әлемдік қауымдастықтағы қазақстандағы білім мен ғылымның көрсеткішіне айналған ҚазҰУ қалашығының негізін қаланып, салынған болатын.

1970 жылы Өмірбек Арысланұлы 39 жасында С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, ең үлкен әрі ең көне жоғары оқу орнының ректоры болып тағайындалды. Ол университетті басқарған жылдары оқу орны КСРО-да үздіктер қатарына қосылып, ЖОО әлемдік қауымдастығында таныла бастады. Ғұлама ғалым өзінің өмірлік жолын машиналар мен механизмдердің ғылыми теориясын зерттеуге арнады. Нәтижесінде бүгінде өндірістің әртүрлі салаларында пайдаланылатын тиімділігі жоғары жаңа көтергіш және тиеу құрылғылары мен роботтар пайда болды.

М.В.Ломоносов атындағы университетті 1954 жылы бітірген Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков дүние жүзіндегі белгілі ғалымдар мойындаған машиналар мен механизмдер теориясының басшысы, академик И. И. Артоболевскийдің шәкірті болған. Олардың бірге ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуы алғашқы жылдардан-ақ жемісті болған. Олар күрделі машиналар мен механизмдердің үлгілерін және әдістемелік негіздерін жасауда көптеген үздік нәтижелерге қол жеткізген. Оның еңбектері мен ғылыми жұмыстары академик К.С. Колесников, А.Ю. Ишлинский, В.Е. Патон және басқа да белді ғалымдар тарапынан жоғары бағаға ие болған. Ө.Жолдасбеков 30 оқулық пен оқу құралдарын, 400-ден аса ғылыми жұмыс пен 8 монография жазған. 120 авторлық куәләндыру мен шетелдік патенттердің авторы. Сонымен қатар, академик ғалымдардың арасында алғашқылардың бірі болып ғылыми терминологияны қазақ тіліне аударды.

Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуына, еліміздің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан академик Ө.А. Джолдасбековтың туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шарада жоғары оқу орны ұжымы мен шақырылған қонақтар университетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Өмірбек Арысланұлына құрмет көрсетуге ниетті.

Іс-шара барысында академик Ө.А. Джолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қою, университет ұжымы мен шақырылған қонақтар механика-математика факультетінде ресми жиын мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің залына Ө.А. Джолдасбеков атын беру және Өмірбек Арысланұлы атындағы шәкіртақыларды табыстау рәсімі өтеді.

Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.М.Мұтанов, ҚР Ұлттық ғылми акдемиясының президенті Жұрынов М.Ж., ҚР ҰҒА академигі Нәрібаев К.Н., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-химиялық ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, ҚР ҰҒА академигі Молдабеков М.М., Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машина институтының бас директоры Жолдасбеков С.У., ҚР ҰҒА академигі Байгунчеков Ж.Ж., ҚР ҰҒА ЖМ академигі Уалиев Г.У., Еуразия гуманитарлық институтының ректоры Құсаинов А.К., «Дарын» РҒПО директоры Қирабаева Ш.А. қатысады.

Мекен-жайы: Әл – Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (ҚазҰУ қалашығы, Академик Ө.А. Джолдасбеков ескерткіші)

Өтетін уақыты: 2016 жыл 1 наурыз, басталуы 10:30

Байланыс телефоны: 8 (727) 377 3148/49

Мерекелік іс-шара бағдарламасымен төмндегі сілтеме арқылы таныса аласыздар