ҚАЗҰУ-ДА ЖАҢА ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫFarabi University

ҚАЗҰУ-ДА ЖАҢА ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

19 тамыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі-әлеуметтік даму жөніндегі проректор міндетін атқарушы лауазымына Омаров Бақытжан Бауыржанұлы тағайындалды.

Бақытжан Омаров Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар, журналистика мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Республикалық «Qazaqstan» телерадиокорпорациясында тілші,  редактор, ҚР Президенті пулының тілшісі, Ұлттық арнаның Түркия Республикасындағы меншікті тілшісі, Түркияның «TRT» телерадиокорпорациясының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі, «Хабар-24» телеарнасының бас редакторы қызметтерін атқарған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып еңбек еткен.

Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Бақытжан Бауыржанұлының жаңа қызметіне табыс тілейміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі