Ақсай қаласында ағылшын тілінен семинар сабақтары жалғасудаFarabi University

Ақсай қаласында ағылшын тілінен семинар сабақтары жалғасуда

13 тамыз, 2025

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты ұйымдастырған «Білім керуені» жобасы аясында ағылшын тілі бойынша семинар сабақтары өз жалғасын табуда.

Сабақтардың негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындардың тілдік құзыреттілігін арттыру, кәсіби және күнделікті қарым-қатынаста ағылшын тілін еркін қолдануға мүмкіндік беру. Оқыту барысында заманауи әдістемелер қолданылады: интерактивті тапсырмалар, топтық жұмыстар, рөлдік ойындар, пікірталастар және шығармашылық жаттығулар.

Тыңдаушылар сабақтарға белсенді қатысып, тәжірибелік жаттығулар арқылы өз дағдыларын шыңдауда. Әсіресе, сөздік қорды байытуға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге және ағылшын тілін еркін түсініп, еркін сөйлеуге бағытталған әдістер ерекше қызығушылық тудырып отыр.

Жобаға қатысушылардың айтуынша, семинар сабақтары тек тіл үйренуге ғана емес, сонымен қатар өзара пікір алмасуға, мәдени байланыстарды нығайтуға да ықпал етуде.

«Білім керуені» жобасы – ауыл-аймақ тұрғындарының тіл меңгеруіне және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне жол ашатын маңызды бастама.