Ақсай қаласында қазақ тілі бойынша семинар сабақтары жалғасуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты ұйымдастырған «Білім керуені» жобасы аясында Ақсай қаласында қазақ тілінен семинар сабақтары өз жалғасын табуда.
Бағдарламаның басты мақсаты – мемлекеттік тілді меңгеруді қолдау, қатысушылардың тілдік деңгейін көтеру және күнделікті өмірде қазақ тілін еркін қолдану дағдысын дамыту.
Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып келеді: интерактивті тапсырмалар, шығармашылық жаттығулар, топтық жұмыстар мен пікірталастар, сондай-ақ ойын элементтері енгізілген практикалық әдістер. Бұл тыңдаушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, білімді жеңіл әрі тиімді игеруге мүмкіндік береді.
Тыңдаушылар қазақ тіліндегі сөздік қорын кеңейтіп, сөйлеу мәдениетін дамытып, тілдік сенімділігін арттыруда. Сабақтар барысында ән арқылы тіл үйрену, ситуациялық диалогтар құру және топтық жобалар сияқты ерекше әдістер қолданылуда.
Жоба қатысушылары мұндай курстардың олардың кәсіби қызметіне де, күнделікті өміріне де зор пайда әкелетінін атап өтуде.
«Білім керуені» – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды бастама.