Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің тыңдаушылары ҚазҰУ-да журналистика бойынша білімін жетілдірудеFarabi University

Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің тыңдаушылары ҚазҰУ-да журналистика бойынша білімін жетілдіруде

8 тамыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатқан біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің тыңдаушылары үшін журналистика бағыты бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылды.
Бұл курстарда қатысушылар қазіргі медианың ерекшеліктерін, ақпараттық материалдарды дайындау жолдарын және заманауи журналистиканың жаңа құралдарын меңгерді. Семинарлар мен практикалық сабақтарда тыңдаушылар жаңалық мәтіндерін жазу, әлеуметтік желілерге арналған контент дайындау, сондай-ақ деректерді талдап, оларды визуализациялау әдістерін үйренді.
Топтық талқылаулар, шығармашылық тапсырмалар және тренингтер арқылы олардың кәсіби дағдылары нығайып, журналистік ойлау қабілеттері дамыды.