ҚАЗҰУ-ҒА 1000-НАН АСТАМ МАГИСТРАНТ ГРАНТ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫFarabi University

ҚАЗҰУ-ҒА 1000-НАН АСТАМ МАГИСТРАНТ ГРАНТ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

23 тамыз, 2025

2025–2026 оқу жылында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне мемлекеттік білім беру гранты негізінде 1000-нан астам магистрант қабылданды.

Бұл – ҚазҰУ-дың еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі екенін және оның білім беру бағдарламаларына деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау 12–18 тамыз аралығында өтті. Талапкерлер өтініштерін виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы онлайн немесе дәстүрлі түрде тапсыра алды.
Грант иегерлері – еліміздің барлық өңірлерінен келген магистранттар. Олар гуманитарлық және педагогикалық ғылымдардан бастап, инженерия, ІТ және жаратылыстану бағыттарына дейінгі түрлі мамандықтарды таңдады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі