- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН Дөңгелек үстел «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ – АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ, БАСТАНДЫҒЫ МЕН МҮДЕЛЕЛЕРІНІҢ КЕПІЛІ, АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУЫНЫҢ НЕГІЗІ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН Дөңгелек үстел «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ – АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ, БАСТАНДЫҒЫ МЕН МҮДЕЛЕЛЕРІНІҢ КЕПІЛІ, АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУЫНЫҢ НЕГІЗІ»
.jpeg)
Дөңгелек үстелде құқықтық мемлекет құрудағы, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы және демократиялық институттарды дамытудағы Конституцияның рөлі туралы жетекші заңгер ғалымдар арасында пікір алмасу болды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменова Сәуле Жүсіпбекқызы өз сөзінде Конституцияның азаматтық қоғамның құқықтық негізі ретіндегі маңыздылығына тоқталып, азаматтардың құқықтарын қорғаудың азаматтық-құқықтық тетіктерін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. �� Заң ғылымдарының докторы, осы кафедраның профессоры С.Т.Тыныбеков «Конституцияға 30 жыл: біздің жетістіктеріміздің бағдары» атты баяндама жасап, Ата Заңның тарихи маңызына, оның еліміздің табысты өзгеруіндегі рөліне тоқталды.
Кездесудің маңызды сәттерінің бірі заң ғылымдарының кандидаты, Алматы Менеджмент Университетінің доценті Мыңбаева Нұргүл Балтайқызының сөзі болды.
�� «Қазақстан Республикасы салық жүйесінің конституциялық негіздері: мемлекет пен азаматтар мүдделерінің теңгерімі» тақырыбындағы баяндамасында:
• салық салудағы әділеттілік пен теңдіктің конституциялық принциптерінің маңыздылығы;
• салық саясатының ашықтығы қажеттілігі;
• салық-бюджет саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруда азаматтардың мүдделерінің басымдылығы.
�� Қатысушылар салық саласындағы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және Конституцияның мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы теңгерімді қатынастардың кепілі ретіндегі рөлін белсенді түрде талқылады.
Басқа жаңалықтар

