- Басты бет
- Жаңалықтар
- 🌿 Орталық Азия аймағындағы өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігін зерттеу жөніндегі аймақтық желіні дамытуға арналған III Халықаралық симпозиумы
🌿 Орталық Азия аймағындағы өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігін зерттеу жөніндегі аймақтық желіні дамытуға арналған III Халықаралық симпозиумы

2025 жылғы 26–29 тамыз аралығында Алматы қаласында «Әлемнің Үшінші полюсіндегі өсімдіктер алуантүрлілігін сақтау жөніндегі озық зерттеулер» тақырыбында III Халықаралық симпозиум (PDCR 2025) табысты түрде ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты бірлесе ұйымдастырды.
Бұл халықаралық форумға Орталық Азия өңірінен және әлемнің бірнеше елінен жетекші ғалымдар, сарапшылар мен мамандар қатысты. Симпозиум өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігін сақтау, зерттеу және өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған.
Осы маңызды іс-шараның ұйымдастырушысы ретінде факультет деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Қурманбаева Меруерт Сакеновна белсенді атсалысты. Ол халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшесі ретінде ғылыми бағдарламаның мазмұнын қалыптастыруға, пленарлық және секциялық мәжілістердің үйлесімді өтуіне зор үлес қосты.
Сонымен қатар, профессор Қурманбаева Меруерт Сакеновна симпозиум аясында ағылшынша баяндама жасап, сирек әрі жойылып бара жатқан өсімдік – Rheum wittrockii (Виттрок рауғашы) популяцияларының қазіргі жай-күйі мен Іле Алатауы жағдайындағы оны қорғау және қалпына келтіру стратегиялары жөніндегі өз зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Қурманбаева Меруерт Сакеновнаның баяндамасы халықаралық сарапшылардың ерекше қызығушылығын туғызып, аймақтық биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етті.
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы
www.kaznu.kz
Басқа жаңалықтар


