Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің отырысы өтті

📌 Отырыс барысында Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу және азайту шаралары қаралды.
📌 Қатысушылар барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізуі міндетті екенін атап өтті. Департаментте кешенді шаралар іске асырылуда: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талданып, мониторинг жүргізіледі, бақылау күшейтіледі, ұйымдастырушылық шаралар қабылданады.
📌 Анықталған заң бұзушылық фактілеріне, олардың пайда болу себептеріне және қабылданған жауап шараларына ерекше көңіл бөлінді.
📌 Негізгі назар алдын алуға аударылды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, ақпараттық жұмыс жүргізу, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру.
📌 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысы тұрақты және күшейтілген түрде жалғасады.
#AMANAT
@almaty_amanat
Басқа жаңалықтар


